Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында «Есірткіге жол жоқ» атты жастар форумы өтті.
Форумның мақсаты- жастарды есірткіге қарсы күресте белсенді болуға шақыру, зиянды әдеттердің салдары туралы ақпараттандыру және салауатты өмір салтының құндылығын арттыру. Шарада есірткі профилактикасы бойынша ата-аналар мен студенттер арасында атқарылған жұмыстар, Қазақстандағы есірткі тасымалдаушы жастардың көбеюі сынды тақырыптар аясында арнайы шақырылған спикерлер сөз сөйледі. Спикерлер арасында бұрын есірткіге тәуелді болып, кейін қателігінен сабақ алған жандар да болды. Олар өз жүріп өткен жолдарымен бөлісіп, жастарға салауатты өмір сүріп, пайдалы іспен айналысу керектігін түсіндірді. Форумда облыс әкімі мен полиция департаменті, денсаулық сақтау басқармасы өкілдері баяндама оқып, 500-ден аса әртүрлі сала мамандары мен жастар қатысты