Атырау облысы бойынша кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов мәлімдеді.
«Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ден бастап дауыс беру тоқтатылып, сайлау учаскелері жұмысын тамамдады. Облыс бойынша сайлау учаскелерінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Мүмкіндігі шектеулі, алыс елді мекендердегі және вахталық ауысыммен қызмет тететін жұмысшыларды, сондай-ақ тергеу изоляторындағы сайлаушыларға дауыс беруге жағдай жасалды» дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
Айта кетейік, облыс бойынша 270 сайлау комиссиясында (9 аумақтық, 261 учаскелік), 1966 мүшесі жұмыс атқарды. Жабық учаскелер саны – 11. Оның тоғызы - денсаулық сақтау саласы обьектілері, біреуі – әскери бөлім, қалғаны – уақытша қамау изоляторы. Комиссия мүшелерінің 1306-сы – саяси партиялармен, қалғаны – қоғамдық бірлестіктермен ұсынылып сайланғандар.
Атырауда дауыс беру аяқталды
- Информация о материале
- Қоғам
- : 650