Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚАРТ АНАНЫҢ АҚ БАТАСЫ

     Миялы ауылындағы қарт ана Ұлжан Темірболатованың жасы 97-де. Түрлі салада қызмет етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан әз ана көзі көргенімен, құлағының естуі нашарлаған. Бала кезінен ашаршылықтың нәубетін тартқан ол жастайынан еңбекке араласты. Ел басына бұлт үйірген соғыста тылда жанқиярлықпен еңбек еткен Ұлжан анамыз ең алдымен ел тыныштығын ойлайды. №143 сайлау учаскесіне тіркелген Ұлжан Темірболатоваға комиссия мүшелері тұрғылықты жеріне қажетті бюллетень қағазы мен сайлау жәшігін алып барып, дауыс беруіне мүмкіндік жасады. Өз таңдауын жасаған Ұлжан әже:
    - Денсаулықтың барында сайлаудан қалып көрген емеспін. Бүгінгі өтіп жатқан сайлау әр қазақстандық үшін маңызды. Соны дұрыс түсінуіміз керек. Бізге керегі бейбітшілік. Ең бастысы, халқымыз аман, еліміз тыныш, ұрпағымыздың болашағы жарқын болсын, - деп ақ батасын берді. Комиссия мүшелері қарт анаға арнайы сый-сияпат жасады.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT