2 сәуір түнгі 00:30 шамасында Өзбекстан елінің 1986 жылғы азаматы Алмалы—Талдыкөл селолары арасындағы қара жолдан Индер бағытына жаяу өтпекші болған.
Ұсталған азаматқа қатысты ӘҚБтК 476-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сот қаулысымен бес тәулік қамаққа алынды.
Ертеңгілік сағат 08:20-да Алмалы бекетінен тыс айналма қара жолда тоқтатылған Toyota Camry көлігінің 1987 жылы туған жүргізушісіне қатысты «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабымен хаттама жасақталып, мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 3 тәулікке қамауға алынды.
Бұдан басқа осы жолдан және Қара-өзек бекеті маңайындағы қара жол бойынан тоқтатылған төрт көлік жүргізушісіне де ӘҚБтК 476-бабымен толтырылған хаттамалар сотқа жолданды.
Атырау қаласының айналасына төрт блокпост орнатылғаны бұған дейін де хабарланған еді. 2-сәуір түнгі 00:00-ден бастап қалаға автокөліктер мен адамдардың кіріп-шығуына шектеу енгізілді.
batys.info