Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау Департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтергені үшін, кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.
2 сәуір мен 8 сәуір аралығында 1 сауда желісі мен 1 бөлшек сауда субъектісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 204-4 бабының 1 тармағына сәйкес, жауапқа тартылды.
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы алда да бақылауда болады. Бағаны негізсіз көтергендер жауапкершілікке тартылады" деді Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысы Әлем Уалиев.
Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы t.me/oper_shtab_atyrau @oper_shtab_atyrau