Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда 251 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды

Атырау облысында  5-11 желтоқсан аралығында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Мақсаты-жол қозғалысы ережесін бұзған, соның ішінде көлік құралдарын мас күйінде басқарған жүргізушілерді анықтау, сондай-ақ қоғамдық орындағы  құқық бұзушылықтардың алдын алу, тиісті шара қолдану.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада жол ережесін қасақана бұзған ер адам анықталды.  2001 жылы туылған, Атырау қаласының тұрғыны Ваз 21144 автокөлігімен Сұлтан-Бейбарыс даңғылы  Алиев көпірі үстінде солға бұрылу кезінде үздіксіз ақ жолақты кесіп, жолдың қарсы бөлігіне шығып,  апаттық жағдай туғызып басқарған.

Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабымен 3 бөлігімен( Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, 6 ай мерзімге жүргізуші құқығынан  айыру мақсатында, жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданды», - деді, Патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сәрсенбаев.

- Жыл басынан бері жолдың қарсы бағытына шығып құқықбұзушылық жасаған 251  жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, барлығы 6 ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT