Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда 16 жасар жасөспірім мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 5 наурызда мектептердің бірінің электронды поштасына сағат 08:52 шамасында белгісіз адамнан хат түскен.

Хатта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жазылған. Бұл туралы мектеп басшылығы жедел басқару орталығына хабарлаған.

«Полиция қызметкерлері мектепте жедел тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Жалған хабар жіберген 16 жастағы жасөспірім анықталды. Оның айтуынша, сенбі күні үйінде отырып, қалжың үшін жарылғыш зат қойылғаны туралы жазған. Қазір жасөспірім анасымен бірге полицияға жеткізіліп, тергеуге алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған дерекке қатысты іс құжаттары ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сотқа жолданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз