Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған байқау өтті

Атырауда Қазақстанның халық әртісі, Халық қаhарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай "Сандуғаш ғұмыр" атты қалалық ән байқауы өтті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ән байқауына 10 үміткер қатысты. Қатысушыларға қойылған басты талап I бөлімде Роза Бағланованың "Ақмаңдайлым" әнін нақышына келтіре орындау болды. Және II бөлімде қатысушылар әншінің репертуарынан қалаған әнін шырқады.

"Атырау өңірі өнерге толы, тектілік түлеген киелі мекен. Байқаудың мақсаты - таланттарды анықтау және қолдау көрсету", деді Атырау облысы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының директоры Мақсот Торпаков.

Байқауға белгілі композитор Болат Қохаманов, Әуесқой композиторлар байқауының лауреаты, сазгер Мейрамбек Оразбаев пен Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің музыка пәнінің мұғалімі Элла Куртиева төрелік етті.

a9c7ed8f-0ebe-46e4-84fe-b15121442672

Байқау соңында Д. Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжі студенті Жайна Жұма бірінші орынды иемденді.

Еске сала кетелік, Роза Тәжібайқызы Бағланова 1922 жылдың 1-қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген. Әнші әлемнің 54 -тен астам елінде гастрольдік сапармен болған.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика