Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Атырау жастары» бағдарламасы бойынша 30-дан астам адамның төлем қабілеттілігі расталды

Облыста алғаш рет 1-20 ақпан аралығында «Атырау жастары» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау жұмыстары жүргізілді. Бағдарламаның мақсаты - өңір жастарына жылжымайтын мүлік сатып алуға жәрдемдесу. Ал бүгінде құжаттары мақұлданған жастардың ішінен 30-дан астам адамның ғана төлем қабілеті расталған. Бұл туралы «Отбасы банк» өкілі Нұрболат Батыр мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Атырау жастары» жобасына 35 жасқа дейінгі 860-тан астам тұрғын өтініш білдіріп, олардың 830-ның құжаты  мақұлданған. Ал өтініш беріп, құжат тапсырғандардың арасынан Атырау қаласы бойынша 55 жас, аудандар бойынша 45 жас баспанаға ие болады деп жоспарланған.  

-Осы жылдың 1-20 ақпан аралығында Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі құжаттарды қабылдап, ұпай сандарын есептеп, ұпайы көп азаматтарды банкке жолдады. Біз жастардың төлем қабілеттілігін анықтап, нәсиелендіру арқылы жастардың өздеріне ұнаған пәтерді 5% несие арқылы 19 жылға рәсімдейміз. Ал бүгінде 30-дан астам жастың төлем қабілеттілігі анықталып, 4 адам баспаналы болды. Қалғаны қазір пәтер іздеу үстінде. Талаптарға сай келетін пәтерді таңдағаннан кейін несиелендіру жұмысы жүреді, - деді Н.Батыр.

«Атырау жастары» бағдарламасымен биыл 100 адам тұрғын үймен қамтылады деп жоспарланған. Ол үшін облыс әкімдігі 1 млрд теңге, ал «Отбасы банкі» 600 млн теңге қаржы бөліп отыр. Құжаттары мақұлданған жастардың табысы 235 мың теңгеден аспайтын және облыс аумағында бір жыл тұрақты тіркеуде болуы керек. Сондай-ақ бағдарламаға қатысуға өтініш білдірген тұлғаның атында жылжымайтын мүлік болмауы тиіс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз