Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау университетінде «Адалдық сағаты» өтті

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде әділдік, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне арналған "Адалдық сағаты" жалпы республикалық акциясы өтті.

Іс-шараны университет ректоры Саламат Идрисов пен Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Ерұлан Серікқалиев ашты.

Іс-шараның негізгі мақсаты-парасаттылық қағидаттарын ілгерілету, дұрыс адамгершілік идеологиясын тәрбиелеу және өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру. Сөз сөйлеу барысында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерұлан Серікқалиев жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, Агенттік іске асырып жатқан жобалар туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік туралы айтып, Департаментке жұмысқа орналасу туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, спикер студенттерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты Халықаралық жастар байқауына қатысуға шақырды. Адалдық сағаты ашық диалог, пікір алмасу, сұрақтар мен жауаптар форматында өтті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді. Университет ректоры студенттердің болашақ кәсіби және жеке табысының негізі болатын оқу кезеңінде адалдық пен парасаттылық құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT