Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау облысында резерваттағы өртті сөндіру жұмысына екінші тікұшақ жұмылдырылады

Бүгін Маңғыстау облысынан “Ақжайық” резерватының аумағындағы өртті толық сөндіру үшін тікұшақ тартылды. 

Енді қызыл жалынды тоқтату үшін екі тікұшақ жұмыс істейді. Бүгін олардың бірі 9 мәрте су төкті. Жалпы өрт басталғалы бері тікұшақтың көмегімен 130 тонна су төгілді.

Бүгін өрт аумағына минералды жолақтар жүргізу мақсатында қосымша 10 ауыл шаруашылығы техникасы жұмысқа кірісті. Минералды жолақ өрт аумағын азайтуға, басқа аумаққа жайылмауына мүмкіндік береді. Жедел штаб тәулік бойы қызмет атқаруда.

Өртті сөндіру жұмысымен 130-ға жуық адам мен 35 техника айналысып жатыр. Өртті толық сөндіруге желдің күшеюі мен аумақтың батпақтылығы тосқауыл болуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT