Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында карантин күшейтіліп, бірнеше нысан жұмысын тоқтатпақ

Атырау облысында сенбі және жексенбі күндері карантиндік шектеулер күшейтілмек, деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қанат Ғайнеденовтың 2020 жылғы 15 тамыздағы №62 қаулысына сәйкес 17 тамыздан бастап облыстағы шектеу шаралары жеңілдетіліп, кейбір қоғамдық нысандардың жұмысына рұхсат етілген болатын. Дегенмен қаулы мәтінінде көрсетілгендей демалыс күндері кейбір карантин шаралары қайта күшейтіледі.

Осыған орай 22-23 тамыз күндері Атырауда:

- халықтың қозғалысын шектеу;

- қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;

- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу;

- сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін тоқтата тұруға;

- азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтата тұруға;

- СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметін тоқтата тұруға;

- балалар түзету кабинеттерінің, балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының, фитнес орталықтарының, моншалардың, сауналардың қызметін тоқтата тұруға міндетті.

Айта кетейік, Атырау облысы бойынша карантин 31 тамызға дейін жалғасатын болады.

Дереккөз: ATPress.kz

Сурет: Рахим Қойлыбаевтыкі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT