Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылуда

 Облыста қоршаған ортаны қорғау саласында заңбұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жеткізді.

– Өңірде І санаттағы қауіптілікке жататын 83 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде «Теңізшевройл» ЖШС, «NCOC», «Ембімұнайгаз» АҚ және «Атырау ЖЭО» ЖШС секілді ірі өндіріс орындары негізгі ластаушы көз ретінде саналады. Өткен жылмен салыстырғанда зиянды шығарындылар көлемі алты тоннаға төмендеді. Былтыр 45 мәрте тексеріс жүргізіліп, 101 заңбұзушылық анықталды. Жалпы сомасы 42 млрд теңгеден астам айыппұл салынып, оның 26,1 млрд теңгесі өндірілді, – деді Жомарт Әлиев.

Сондай-ақ спикер ауа сапасын бақылау мақсатындағы автоматтандырылған мониторинг жүйесінің 5 кәсіпорында орнатылатынын, қазіргі уақытта олардың төртеуі толық іске қосылғанын атап өтті. Қалдықтарды басқару – өңірдегі өзекті мәселенің бірі. 168 заңсыз қоқыс орнының 125-і жойылған. 7 компания жалпы құны 7 млрд теңгені құрайтын қалдықтарды өңдеу және сұрыптау жобаларын жүзеге асыруда.

Бұдан бөлек экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өңірлік іс-қимыл жоспары қабылданған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT