Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында 7 миллион​ көшет отырғызылады

Облыстағы орман қорлары жеріне көшеттер ​ 2021-2025 жылдар аралығында отырғызылады. ​ «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Ауаның ластануы, жасыл желектердің жұтаңдығы - жиі көтерілетін мәселелер. Көгалдандыру бойынша, қала, аудан аумағынан жалпы көлемі 5 мың гектардан астам учаскелердің тізбесі жасалды. Оларға тал отырғызу жұмыстарына «NСОС», «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз», «Атырау мұнай өңдеу зауыты» және басқа да компанияларды тарту көзделуде» деп атап өтті ​ Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Және ​ биыл​ «Тухлая балка» кәріздік сулардың булану алаңын қалпына келтіру жұмыстары​ басталады. «Квадрат» кәріздік сулардың булану алаңы бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Осы ретте, кәсіпорындардың атмосфералық ауаға тастаған ластаушы заттар шығарындыларының 2019 жылмен салыстырғанда 15 мың тоннаға, яғни 9 пайызға азайғанын атап өткеніміз жөн. Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде.

Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, ​ atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде. ​

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521