Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Е.Тоғжанов өңірдің COVID-19 туындауы мүмкін екінші толқынына дайындығымен танысты

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлердің эпидемиологиялық жағдайымен және коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындығымен танысу мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Атырау облысына барды.

Жедел кеңесте Атырау облысының әкімі өңірдің COVID-19 екінші толқынына дайындығы туралы баяндады. Кеңес қорытындысы бойынша Е. Тоғжанов өңір басшылығына эпидемиологиялық ахуалды, халықты және медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен, сондай-ақ ӨЖЖ аппараттарымен және оттегі концентраторларымен қамтамасыз етілу мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшылығына карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Жұмыс сапарының барысында вице-премьер 200 төсек-орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасы құрылысының барысымен танысты, облысты дәрі-дәрмекпен қамтудағы тұрақтандыру қорына және аймақтың дәріхана желілеріне 42 атау бойынша дәрілік заттарды жеткізетін «Іңкәр» ЖШС қоймасына барды. Сондай-ақ, вице-премьер Атырау қаласының №4 емханасында болды. Бүгінгі күні өңірде бірінші болып келушілердің температурасын автоматты түрде өлшейтін роботты іске қосқан емханада 343 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Е.Тоғжанов өңірде «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан алты жолақты автожолдың құрылыс жұмыстарының сапасымен және 600 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты.

Дереккөз: primerminister.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT