Облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Марлен Қасенов тағайындалды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жаңа басшыны ұжымға аппарат басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Марлен Маратұлы Қасенов 1987 жылы 25 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. 2006 жылы – Астана қаласының сауда-экономикалық колледжін, 2010 жылы – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, 2017 жылы – РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын маркетинг, аймақтық және муниципалдық менеджмент мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек өтілі: 2007-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық ұйымдарында қызмет атқарған; 05.2012 жылы «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлігі бөлімі» ММ ауылдық территорияларының бақылау, жоспарлау және даму бойынша бас маманы; 05-10. 2012 жылы ММ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» бас маман; 10.2012-01.2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің әкімшілік-құқықтық және қаржылық менеджмент жөніндегі сарапшысы; 01.2013-12.2015 жылдар аралығында ҚР парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі; 12.2015-12.2016 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы; 2016-2017 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімі аппараты мемлекеттік қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы; 01-10. 2018 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімі аппаратының басшысы; 10.2018-04.2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің сарапшысы; 11.2019-09.2020 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары; 2020-2023 жылдар аралығында Іле ауданы әкімінің орынбасары; 02-11.2023 жылы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары; 12.2023-06.2024 жылдар аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары; 2024 жылдың маусымынан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі инфрақұрлымды дамыту департаментінің директоры лауазымын атқарды.