Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып Рысқалиев Ақылбек Аманбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақылбек Аманбайұлы 1971 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика институтын "мәдени ағарту жұмыстарының ұйымдастырушы методисі" мамандығы бойынша бітірген.
Сондай-ақ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры" бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы Атырау облысы Исатай ауданындағы "Исатай аудандық мәдениет бөлімінің" әдіскерлер орталығының әдіскері лауазымынан бастаған. 1994-2006 жылдары әдіскерлер орталығының меңгерушісінен Мәдениет үйінің директорына дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2006 жылы Аққыстау ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен. 2012 жылы ММ "Исатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде" бөлім басшысы лауазымын атқарған.
Соңғы жұмыс істеген орны - Атырау қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымы.