Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

400 орындық инфекциялық стационар ашу көзделуде

Медициналық мекеменің барлық бөлімі басқа ауруханаларға ауыстырылатын болады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұл туралы бүгін облыстық ауруханада өткен пресс-тур барысында белгілі болды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бүгінде облыстық ауруханада 120 провизорлық орын, кардиоорталықта 70 провизорлық кереует бар. Сонымен қатар, Геолог емханасында 100 провизорлық кереует дайындалуда.

- Қалалық және қала маңындағы емханаларда 267 провизорлық орын ашу жоспарлануда. Мұнымен қоса, біз облыстық ауруханадағы бөлімшелерді басқа медициналық мекемелерге өткізіп, онда 400 орындық инфекциялық стационар ашуды көздеп отырмыз, - деді Бақытгүл Хаменова.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында «пневмония» диагнозымен 321 науқас тіркелген. Оның 82,3 пайызы медициналық мекемелерге жатқызылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT