Мемлекет басшысымен 2024 жылдың 15 сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Осыған орай, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 5-1-бабының 3-тармағына сәйкес «Отбасын қолдау орталықтары қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы бекітілді.
Аталған бұйрыққа сәйкес, ағымдағы жылдың қыркүйек айы мен қараша айының аралығында Атырау қаласы және аудандарда халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс жасайтын «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері құрылды.
Құрылған Орталықтар өз кезегінде:
мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды;
өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмыстарды;
өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесуді;
тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсетуді;
мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды;
мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдауды;
халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыратын болады.
Егер Сіз өмірлік қиын жағдайға тап болсаңыз:
Атырау қаласы, Қ. Сатпаев көшесі, 23 үй;
Жылыой ауданы, Р. Қараманов көшесі, 44 үй;
Махамбет ауданы «Жайық шұғыласы газетінің 50 жылдығы» көшесі, 30А үй;
Мақат ауданы Қ.Сәтбаев көшесі, 87 үй;
Индер ауданы Д.Қонаев көшесі, 16 үй;
Исатай ауданы Д.Әбілхайров көшесі, 37 үй;
Қызылқоға ауданы А.Сәлімгереева, 7 үй;
Құрманғазы ауданы «Болашақ» көшесі, 40 үй мекенжайлары бойынша орналасқан «Отбасын қолдау орталықтарына» хабарласуларыңызға болады.