Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында "Автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе.
Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған. Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. 2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын" деген болатын.
Осыған орай, алты жыл бұрын қайта жаңғырту жұмыстары басталған «Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясы шекарасы (Астрахан)» бағытындағы республикалық маңызға ие тасжол бойында орналасқан Исатай-Құрманғазы учаскесінің (753-893 ш) 80 шақырымы пайдалануға берілді. Осы учаскедегі Зинеден ата кесенесінің тұсынан көлікке арналған тұрақ алаңы, модульдік санитарлық торап, шағын дүкен, құлшылық орындары жасақталған. Облыс тұрғындарының уайымына айналған автожол құрылысы биыл толықтай аяқталады. Бұл туралы автожол бөлігінің ресми ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев айтты.
Сондай-ақ, іс-шараға құрылысқа тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев, мердігер компаниялардың басшылары мен жақын маңда орналасқан ауыл тұрғындары қатысты. Құрылысқа жауапты «СП» Сине Мидас Строй» ЖШС-нің директоры Мехмед Дилшад Буданның айтуынша, 2021 жылы басталған құрылыс жұмыстарына 500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылған. Салтанатты іс-шарада алғаш болып Құрманғазы ауданына қарасты «Әс-Сәләм» мешітінің бас имамы Сабыржан Кулекешов Құран аяттарын оқып, жолаушыларға ақ жол тіледі. Осы учаскедегі Зинеден ата кесенесінің тұсынан көлікке арналған тұрақ алаңы, модульдік санитарлық торап, шағын дүкен, құлшылық орындары жасақталған. Облыс тұрғындарының уайымына айналған автожол құрылысы биыл толықтай аяқталады. Бұл туралы автожол бөлігінің ресми ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев айтты.
Сондай-ақ, іс-шараға құрылысқа тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев, мердігер компаниялардың басшылары мен жақын маңда орналасқан ауыл тұрғындары қатысты. Құрылысқа жауапты «СП» Сине Мидас Строй» ЖШС-нің директоры Мехмед Дилшад Буданның айтуынша, 2021 жылы басталған құрылыс жұмыстарына 500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылған. Салтанатты іс-шарада алғаш болып Құрманғазы ауданына қарасты «Әс-Сәләм» мешітінің бас имамы Сабыржан Кулекешов Құран аяттарын оқып, жолаушыларға ақ жол тіледі. Осы учаскедегі Зинеден ата кесенесінің тұсынан көлікке арналған тұрақ алаңы, модульдік санитарлық торап, шағын дүкен, құлшылық орындары жасақталған. Облыс тұрғындарының уайымына айналған автожол құрылысы биыл толықтай аяқталады. Бұл туралы автожол бөлігінің ресми ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев айтты.
Сондай-ақ, іс-шараға құрылысқа тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев, мердігер компаниялардың басшылары мен жақын маңда орналасқан ауыл тұрғындары қатысты. Құрылысқа жауапты «СП» Сине Мидас Строй» ЖШС-нің директоры Мехмед Дилшад Буданның айтуынша, 2021 жылы басталған құрылыс жұмыстарына 500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылған. Салтанатты іс-шарада алғаш болып Құрманғазы ауданына қарасты «Әс-Сәләм» мешітінің бас имамы Сабыржан Кулекешов Құран аяттарын оқып, жолаушыларға ақ жол тіледі. Қазірдің өзінде халықаралық автокөлік дәлізі бойында көлік ағыны көбейіп, тіршілік қайнап жатыр. Енді үлкен жолдың бойынан халықаралық талаптарға сай келетін қонақ үйлер мен автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталықтарын, тамақтанатын орындар және тағы басқа да көптеген нысандар салу жұмыстары жоспарлануда. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Талапұлы қайта жаңғырған жол халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттің өсуіне үлес қосып, туристерді шақыруға, облыс тұрғындарының да тұрмыс сапасын жақсартуға үлкен қолдау болатындығын айтты.
– Бұл облыста жүзеге асып жатқан ірі жобалардың бірі. Биыл «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тасжолының құрылысын толықтай аяқтауымыз қажет. Былтыр тасжолдың осы бағытының 60 шақырымы пайдалануға берілсе, биыл 80 шақырымы толықтай пайдалануға беріліп отыр. Жалпы көлемі 140 шақырымды құрайды. Қалған жолды жыл аяғына дейін ашу жоспарлануда. Жол – экономиканы дамытудың негізгі күретамыры саналады. Төртінші халықаралық дәлізге жататын тасжол Жылыой ауданы арқылы Түркіменстан секілді өзге де елдерге шығуға жол ашады. Тасжол – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлесін қосады. Сонымен қатар, Құрманғазы, Исатай аудандарының тұрғындары үшін облыс орталығына қатынауға тиімді болғалы тұр. Тасжол салуға септескен құрылымдар мен мердігер мекеме өкілдеріне зор алғыс білдіремін. Олар күннің ыстық-суығына қарамай, күні-түні еңбек етті. Осындай ірі жобалар көбейе берсін, - деді облыс әкімінің орынбасары.
Осылайша, облыс әкімі орынбасарының сөзінен білгеніміздей, республикалық маңызы бар 277 шақырым жолдың 272 шақырымы жыл аяғында пайдалануға беріледі. Ал, Атырауға кіре берістегі жолдың бес шақырымы қаланың солтүстік бөлігіндегі айналма жол құрылысына байланысты жол төсемін 9 метрден 14 метрге дейін кеңейте отырып, облыстық маңызы бар жол ретінде жоспарға қайта енгізілді. Бұл бес шақырымдық учаскенің жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев жолдың салынуына жергілікті тұрғындардың да көмегі көп болғандығын айтса, Исатай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Исабай Хидуллин жолдан мал өтетіндіктен соған нұсқайтын арнайы белгілер орнатып, көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі үшін сақтық белгілері мен бейнекамералар қоюды ұсынды. Мердігер компанияның жоба менеджері Ахмет Мудуроглудың айтуынша, тасжолдың қалыңдығы 27 см, үш қабаттан тұрады. Осы жұмыстарға 250 мың тонна асфальт төселіп, 22 мың вагон қиыршықтас Ақтөбе облысынан, 25 мың тонна битум Маңғыстау облысынан жеткізілген.
Сондай-ақ, 1,2 млн тонна топырақ пайдаланылған. Ресей шекарасынан Атырау қаласына дейінгі тасжол төрт бөлікке бөлінген. Соның ең көп бөлігі де осы компанияға тиесілі. Екінші дәрежелі автожол бойында 16 суқұбыры, 2 мал өткелі, 78 жарық бағаны, торлы және кедергілі қоршаулар, 435 жол белгісі, жарық белгілері бар дауыс зорайтуға арналған құрылғы, 4 демалыс алаңшасы орнатылған.
Алмас ҚАБДОЛОВ