Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атом энергиясы – елдің болашағы

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік маңызды мәселелер көтерілді. Солардың бірі – елімізде қуат көздерін көбейте отырып, энергия тапшылығын жою. Осы мақсатта қабылданған батыл шешімдер, жасалынып жатқан қадамдар да жоқ емес. Солардың санатында Қазақстанда атом-электр стансаларының құрылысын салу жобасын атауға болар еді.

Бұл шаруаны қолға алмас бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылықтың оған қатысты ойын біліп, қоғамдық пікірді зерделеп, нақты бір шешімге келу үшін мәселені бүкілхалықтық талқылауға шығарып, референдум өткізуді ұсынған болатын. Осылайша, биылғы қазан айының 6-сында республикада бүкілхалықтық референдум өткізілетіні туралы Президент осы жолғы Жолдауында жариялады.

Бүгінде қажетті электр энергиясының басым бөлігін Атырау облысы КЕГОК компаниясының желісінен алады. Бұл жерде елеулі дәрежеде Ресей еліне тәуелділіктің барын да жоққа шығаруға болмайды. Қазіргідей өңіріміздің ғана емес, тұтастай республиканың өнеркәсіптік әлеуеті артып, аймақта жаңа мұнай-газ өндірісі жобалары жүзеге асырылып жатқан кезде электр энергиясына деген қажеттілік те ұлғайып, тапшылығы байқалып отырғаны да жасырын емес. Бір ғана қарапайым мысал, әсіресе жазғы уақытта түрлі электр жабдықтарының іске қосылатын сәтінде тұрғын үйлерде жарықтың әлсін-әлсін өшіп қалуы энергияның жетіспеушілігінен екені анық, түрлі ток көздері қатар қосылғанда желінің көтере алмайтын мәселесінің туындайтыны рас. Ал газ турбинасындағы электр энергиясы өндірісі де жыл сайынғы өсім жағдайында оның тапшылығын аңғартып, қымбат тұратын қуат көзіне айналуда. Осы орайда Президенттің елдің болашағын оның энергетикалық қауіпсіздігімен байланыстыруы – стратегиялық тұрғыдан әділ және дұрыс шешім деп есептеймін.

Арман ДИМҰҚАШЕВ,

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің еңбек қорғау жөніндегі техникалық жетекшісі – қызмет бастығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521