Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АСЫЛ ДІНІМІЗДІ КІРЛЕТПЕЙІК!

    Атырау облысы дін істер басқармасына қарасты «Шапағат» қоғамдық қорының аудандағы теолог-маманы Зейінді Алтынбекұлы Миялы, Ойыл, Көздіғара, Қызылқоға ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен, мектеп оқушыларымен кездесті.

   Кездесуде сөз алған теолог:

 – Халқымызда «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» деген сөз бар. Бұл сөз уақыт өткен сайын расқа айналып келеді. Себебі, елімізде асыл дініміздің атын кірлетіп, оны дұрыс ұстана алмай қасіретке айналдырып алған жандар жетерлік. Сондықтан дін ұстанғанда дәстүрлі жолды таңдаған дұрыс. Жалпы елімізде  дін ұстануға тиым салынбаған. Бірақ, соттың шешімімен тиым салынған діни ұйымдар бар. Солардан аулақ болған дұрыс, –деді.

   Кездесу барысында қазіргі қоғам үшін аса өзекті болып саналатын «Дәстүрлі емес діни ағым дегеніміз не?», «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға тигізер теріс ықпалы қандай?», «Қазақстандағы діни ұстаным»,«Ел аумағында тыйым салынған діни ұйымдар», «Діни әдебиеттер», «Діни сауаттылықтың маңызы» сынды тақырыптар көтеріліп, теолог қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді.

 Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз