Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен 2022 жылдың 12 сәуірі сағат 15.00-17.00 аралығында "АNTIKOR ORTALYGY" ғимаратында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өткізіледі.
Егер, Сізге
• заңгер,
• адвокат,
• сот орындаушылары,
• нотариус,
• Атырау қалалық Жер қатынастары бөлімі,
• Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі,
• Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі,
• Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі мамандарынан құқықтық көмек керек болса, жоспарланған шараға шақырамыз!
Шара Атырау қаласы, М. Темірханов көшесі 2 а мекен жайы бойынша орналасқан "АNTIKOR ORTALYGY"-да өтеді.