Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЙЛЫҚ ЖАЛҒАСУДА

15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Өрт қауіпсіздігі айлығы өтуіне байланысты, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері, Миялы ауылының халқына түсінік жұмыстарын жүргізіп, тиісті жаднамалар таратуда.

Бұл дегеніміз өрт оқиғасының алдын алу, өрт қауіпсіздік талаптарының сақталуына мән беру болып табылады. Жалпы, кез-келген азамат тұрғын үйлердің ауласындағы мал азығының көп мөлшерде үйлерге жақын жиналмауына мүдделі болуы керек. Бөлінген жерлеріне сай орналаспауы, өрт сөндіру техникаларының жолдарын бітеп тастау, электр желілерінің талапқа сай орнатылмауы, газ қондырғыларын пайдаланудағы ақаулықтары және от жағу қазаны мен жылыту пештерінің тазартылмауы апатты жағдайға алып келетінін түсіну керек.

Сонымен қатар, желді күндері шөп қалдықтары мен күл-қоқыстарды жағып, оны қараусыз қалдыру салдарынан, ірі өрт оқиғасына ұласып кетіп жататын оқиғаларда жиі кездесіп жатады. Электр құралдары мен сіріңкелерді мұқият сақтау мен қуаты жоғары бірнеше электр құралдарын бір уақытта тоқ көзіне қоспау да сақтық шарасы болып табылады.

Ендеше, жоғарыдағы өрт қауіпсіздік шараларына мұқият мән берген дұрыс.

Самғат ЖАГОРОВ,

аудандық №10 Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT