Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Нұр- Сұлтан қаласы бойынша Полиция департаментімен азамат Ағаділ өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Осы күні істің мән-жайларын объективті зерттеу мақсатында қылмыстық іс Нұр - Сұлтан қалалық прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасының өндірісіне қабылданды.

Бүгін, яғни 26 ақпанда қайтыс болған Ағаділдің отбасы адвокатының қолдаухатымен олар шақырған жеке сот сарапшылардың қатысуымен (А. Аханбеков, Р. Сатывалдеев) мәйітке зерттеу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша, тартылған мамандар Ағаділдің өлімінің себебі өткір жүрек-тамыр жетіспеушілігі болып табылғанына көз жеткізді. Зорлық-зомбылыққа тән қандай да бір дене жарақаттары анықталмаған. Тартылған сарапшылармен, және де өзге де тұлғалармен ескертулер мен өтініштер берілмеген. Сот сараптамасының қорытындысы зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша ұсынылады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Аудандық прокуратура

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT