Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

88 ОТБАСЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТ БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын.

img_5746

Осыған орай, Үкімет әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдерін енгізді. Нақтырақ айтқанда, Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізіп, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін қайта қарастырды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың дені көп балалы отбасылар болғандықтан, олар бөлек санатқа шығарылып, республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Жәрдемақы төрт және одан да көпбалалы отбасыларға арналған. Жәрдемақы көлемі 42 500 теңгеден басталады және бала санына қарай артып отырады. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі негізгі өзгерістердің бірі – кепілдендірілген әлеуметтік пакет.

img_5752

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықовтың айтуынша, бұл әлеуметтік топтама тек атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. Баланың жасына байланысты берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің екі түрі бар. Яғни, 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға бір бөлек, 3 жастан 6 жасқа дейінгі баларларға бір бөлек азық-түлік тауарлары қарастырылған. Арпа, қарақұмық, ұнтақ (манная) жармаларымен қоса, табиғи бал, көкөніс, жеміс пюрелері, пастерленген макарон, сүт және тағы басқаларды қамтитын азық-түлік жиынтығы әр балаға бір пакеттен ай сайын берілсе, балаларға арналған тіс пастасы, щетка, крем, кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты тұрмыстық гигиеналық құралдар 1 жас пен 6 жас аралығындағы балаларға тоқсанына бір рет ұсынылады.

Ал, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін ыстық тамақ, мектеп киімдері мен оқу құралдарын сатып алу, жол жүру шығындарын өтеу, сондай-ақ тегін медициналық қызмет көрсету аудандық білім бөлімі арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Аталмыш бөлімнің мәліметіне сүйенсек, сейсенбі күні кепілдендірілген әлеуметтік пакет аудандағы 88 отбасындағы 103 балаға беріле бастады. Олардың 41-і 1 жас пен 3 жас аралығында болса, 62-сі 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT