Аудандық сотында талап қоюшы Ж.Г.-нің жауапкер Ө.А.-дан берешегін өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Аталған істі сот талқылауына дайындау барысында, тараптардан дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, соттан оны бекітуді сұраған өтініштер түсіп, келісім шарттарына сәйкес, жауапкер Ө.А. талап қоюшы Ж.Г.-ге берешек 58 577 теңгені төлеуді өз міндетіне алып, талап қоюшы Ж.Г. өзінің талабынан бас тартты.
Сот ұйғарымымен тиісті медиациялық келісім бекітіліп, талап қоюшыға төлеген мемлекеттік баж кері қайтарылды. Азаматтық істің іс жүргізілуі тоқтатылды.
Өз тілшіміз
Сурет: ашық дереккөзден