Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 7-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат Д.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Д.Т. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, көше бойында мотоцикл құралын, алкогольдік масаң күйде басқарған, бұл әрекетті бұрын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушы Д.Т. өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындап, жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра алкоголь өнімін пайдаланып мотоцикл құралын басқарғанын айтып айғақ келтірді.
Нақтырақ айтқанда, азамат Д.Т.-ға бұдан бұрын үстіміздегі жылдың мамыр айында сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік жаза қолданылған.Қаулы заңды күшінде.
ӘҚБтК-нің 608-бабының 7-бөлігімен жүргізушінің көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару әрекеттер үшін, бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер ‑ отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза көзделген.
Сот қаулысымен Д.Т. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 7-бөлігімен кінәлі деп танылып, 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Қаулы заңды күшіне енген.
Қызылқоға аудандық соты