Сәрсенбі, 26 ақпан күні, сағат 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – әділет органдарын дамыту мен цифрландыру.
Үкімет отырыс қорытындысы бойынша ҚР әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың, ҚР әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мен Бекболат Молдабековтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.