Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әжелер өнеге көрсетті

Ш.Еркінов атындағы орта мектепте бастауыш сынып оқушыларының арасында «Әже – көңілдің ажары, немере – өмірдің базары» атты сайыс өтті.

Шараның мақсаты – жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, немеренің атаға, әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, үлкенді құрметтей білуге тәрбиелей отырып, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Оған ауылдың ақжаулықты әжелері немерелерімен бірге қатысып, таныстыру, сұрақ-жауап, өнер көрсету бөлімдері бойынша сынға түсті. Сайыс барысында, Қарашаш Қойбақова немересі Дильназ Тілектеспен киіз басу жолдарын бейнероликтен киізге басылатын ою түрлерін атап көрсетсе, Қалжан Құлтаева өз қолымен жасалған құрақ көрпелерін таныстырып, құрақ құраудың жолдарын айтты. Ал, Құралай Шоқан немересі Меруерт Асылханмен бірге «Қамажай» биін билеп, Маржан Қозыбаева тұсау кесу рәсімін жасады. Одан соң, Ғайша Мырзағалиева немересі Айназым Арманмен кісенанның дайындалуына тоқталып, көрермендерге дәм татқызса, Альфия Самат әжесі Қарлығаш Бегіміовамен құрт-майдың дайындалу жолдарын көрсетті. Сондай-ақ, шарада Айзада Алтай, Гүлімай Базарғали би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Осы орайда, сайыстың ерекшелігі барлық әжелер немерелерімен жан-жақты дайындалып, ұлттық киім киіп келгендері залдың ажарын айшықтай түсті.

Майра ЖҰМАШЕВА,

Ш.Еркінов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521