Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Жарқыра» байқауы оқу грантының иегерлері анықталды

2020 ж. 3 сәуірінде Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылық қолдауымен жүзеге асыратын «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлік байқауының жартылай финалисттерін онлайн марапаттау рәсімін өткізді.

Марапаттау рәсімі алғаш рет онлайн режимінде өтті. Бизнес дағдылары бойынша тегін білім алып, байқаудың қазылары алдында жобасын қорғау мүмкіндігіне ие болатын жеңімпаздардың атын әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан біліңіздер.

Байқауға осы жылы 112 өтінім түсті, ең көбі Атырау ққаласы мен Жылыой ауданынан. 48 өтінім жеке тұлғадан, 48 өтінім заңды тұлғадан (ЖК және ЖШС), 18 өтінім үкіметтік емес ұйымдардан түсті. Биыл облыстың ҮЕҰ зор белсенділік көрсетті. 5 адамнан тұратын сарапшылар комитетінің дауыс беруі нәтижесінде, оқу гранттарына ие болған 30 жартылай финалисттер іріктелінді. Оның ішінде Атырау қаласынан 22, Құлсарыдан 4, Махамбет ауданынан 2, Индер ауданынан 1, Мақат ауданынан 1 жоба бар. Бұл жобалар: қажеттіліктері ерекше балаларды оқыту және оңалтуға (10), балаларды шығармашылық пен спортқа тартуға (8), ересектерге арналған фитнес, жұмысқа орналастыру, психология және салауатты өмір салтын ұстануға (11) және 1 жоба пластика қалдықтарын жинау мен қайта өңдеуге бағытталған. «Біздің қалада бәрі бір-бірімен байланыста. Сондықтан да, "Жарқыра" бағдарламасы мен оның жеңімпаздары туралы көп естігенмін. Әлеуметтік кәсіпкерлердің Құрылтайында бағдарлама мен оның жетістіктерімен жақынырақ таныстым. Шабыттанып, байқауда өз бағымды сынауға бел будым. Тағы бір артықшылығы – бірден екі жобаны ұсынуға болады. Себебі, менде ерекше балаларға арналған орталық пен шеберхана бар. Жарқыраға келгеннен бері, ең басынан қолдауды сездім – пайдалы кіріспе семинарлары, өтінімді толтыру бойынша кеңестер, бағдарламаның қатысушылары әлеуметтік кәсіпкерлердің кеңестері. Бұл кезең де артта қалды. Мен бірінші іріктеуден өттім, енді білім алуға дайынмын. Рахмет!», – дейді Эльвира Аралова.

ОАЕҚ жартылай финалисттерге бизнес дағдыларды үйрету үшін 4 тренинг өткізеді. Бұл тренинг қатысушыларға «Жарқыра» байқауының финалына қатысу үшін бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Тренингтердің бір бөлігі ZOOM алаңында онлайн өтетін болады. Бұл «Жарқыра» бағдарламасы қатысушылар үшін жаңа жұмыс форматы. Аудиторияның қажеттіліктеріне барынша сай болу үшін, алдын ала онлайн сауалнама жүргізіледі. Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл қоғамдағы өзекті мәселелерді жаңашыл жолмен шешуге бағытталған әлеуметтік миссиясы бар бизнес. Оны әр түрлі елдердің азаматтары өз бетімен қоғамдағы өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін табысты қолданылып келе жатыр.

Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау – бұл әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекетке көмек көрсету, ақылмен жасалған қайырымдылық. «Жарқыра» бағдарламасында ӘК қолдаудың бүкіл кезеңі қарастырылған: өтінімдерді іріктеу, оқыту, қаржыландыру байқауы және тәлімгерлік. Осы уақытқа дейін қолдауға ие болған жобалар туралы толығырақ білу үшін бағдарламаның каталогын ОАЕҚ сайтынан қараңыз: http://kk.ef-ca.kz/resursy/posobiya Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – аймақта 2005 жылы құрылған қоғамдық ұйым. ОАЕҚ ұлттық және өңірлік деңгейлерде азаматтарға қоғамдық мәселелердің тиімді шешімдерін табу және ілгерілетуге көмектесе отырып, қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

ОАЕҚ Еуразия Қорының қызметін жергілікті институт ретінде жалғастыруда. Еуразия Қоры – 1993 жылдан бері Орталық Азияға 40 миллион доллардан аса қаражат инвестициялаған жеке коммерциялық емес ұйым. http://www.ef-ca.kz сайтынан ОАЕҚ туралы толығырақ ақпарат ала аласыз және қамқоршылар кеңесінің мүшелерімен таныса аласыз. «Теңізшевройл» ЖШС мұнай, газ және күкірт өңдеу, өндіру және өткізу жұмыстарымен айналысады. Барлық жұмыстар қауіпсіздік техникасы мен экология жөніндегі әлемдік стандарттар талаптарына сай жүреді. «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері:

Шеврон – 50%, Қазмұнайгаз – 20%, ЭксонМобил – 25% және «ЛукАрко» – 5%.

Байланыс: ​Марина Фахрутдинова, «Теңізшевройл» ЖШС, тел: + 7 7122 333116 ​​Анар Арынова, ОАЕҚ, тел: +77017572511, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT