Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР КОНЦЕРТІ

     Таяуда «Жастар» ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Арман» мәдениет үйінде «Жалынды жастар» атты аудан жастарының концерті өтті. 

   Шара барысында аудан өнерпаздары Ғибадат Тұрғали, Нұрболат Баяш, Назира Шоқан, Дастан Асан, Бисұлтан Мұхтаров, Арайлым Абуғали, Өнербек Жандарбек, Мейрамгүл Болатқызы, Нұрай Тұрарқызы, Әлішер Берікұлы және «Жұлдыз-ай» үлгілі би ұжымы ән мен жырдан шашу шашып, би билеп көрермен ықыласына бөленді.

    - Әрбір ісімізде осы аудан жастарының ықпалы орасан зор. Мемлекеттік жастар саясатын дәйекті жүзеге асыруда тиісті бөлім-мекемелер, қоғамдық ұйымдар, белсенді азаматтар мен аға-апаларымыздың көмегі мол. Сол тұрғыда, аудан жастары атынан шынайы алғыс айтамын. Қызылқоға жастары келешекте  де төл өлкеміздің озық еңбек, мәдени-рухани дәстүрін лайықты жалғастыра береді деген сенімдеміз, - дейді аудандық «Жастар» ресурстық орталығының директоры Ризабек Амантайұлы.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз