Аталған шара «Есті де, ескірмейтін ретро әндер» атауымен 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Фестивальге «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы Үмбеталиев Марат, қоғам мүшелері және жалпы өнерсүйер қауым қатысты. Кеште облыс бойынша 14 зағип жан өнерлерін көрсетті.
Кеш соңында барлық қатысушыға мерекелік тартулар жасалып, ақшалай сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында – 555 зағип есепте тұр. Олардың 221-і облыс орталығында тіркелген.
Атырау облысының Өңірлік коммуникация қызметі
Сурет: ӨҚК