Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялағалы ауданымызда одан қалды облыс көлемінде түрлі іс-шаралар өтуде.
Солардың бірі – «Өркениет» жобасы.
Атырау облысы жастар саясаты және мәселелері басқармасы мен «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан жобаның мақсаты елімізге танымал тұлғалар мен блогерлерді шақырып, қала, аудан жастарымен кездестіріп, салихалы сұхбат өткізу.
Соған сай, өткен аптаның жұмасы күні «Өркениет» жобасы аясында ауданымызға белгілі журналист-блогер, саяхатшы Өркен Кенжебек келіп, «Арман» мәдениет үйінде жастармен кездесті.
Шара барысында кеш қонағы «Жастарға айтылмайтын үш құпия» тақырыбында сөз сөйлеп, өзінің өмірлік тәжірибесінде көрген-білгендерімен бөлісті. Өз кезегінде жастар да көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов қорытындылап, салмақты ой, салихалы пікір айтқан кеш қонағына аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлық табыс етті.
Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН