Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Серік Шәпкенов «Еділ мен Жайық» мюзиклінің премьерасын тамашалады

Атырау Жастар театрында әйгілі композитор Илья Жақановтың өмірі мен шығармашылығына негізделген «Еділ мен Жайық» мюзиклінің премьерасы өтті, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

⁃ Біз бүгін қазақ мәдениеті мен руханияты үшін ерекше жайтқа куә болып отырмыз. Жоғары деңгейде өткен мюзиклдан алған әсерім ерекше. Өйткені сахнада Илья ағамызды сомдап жатса, қасымда кейіпкердің өзі отырды. Ілия Жақанов – қазақ музыка өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, еліміздің мақтанышы. Оның өмірін жолын бір сахнада екі сағаттық қойылымда тамашаладық. Жолында кездескен қиындықтар мен аяқтан шалуды да көрсетті. Сол жолда таланты мен қызметін ұлтына арнады. Бұл сахналық туынды Қазақстанның түкпір-түкірінде сахналанса, Атырау өңірі үшін үлкен мақтаныш болар еді. Мюзикл көрерменнің жүрегіне жол тауып, қазақ мәдениетінің баға жетпес жауһарына айналады деп сенемін, - деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Мюзиклда И.Жақановтың соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген балалық шағынан бастап бозбалалық дәурен, жігіттік кезеңдері және қайраткерлік шағындағы өмір иірімдері, елі мен жеріне деген азаматтық ұстанымдары, жан сарайынан ән болып өрілген адами сезімдері көркемдік тұрғыда көрініс тапты. Бала Ильяның бойына мейірім сыйлаған Жақан әке мен Балкен ана, өнерге іңкәр жігітке бата берген Ахмет Жұбанов, өнер жолында рухтас жандарға айналған Жұбан мен Шәмші бейнелері, елдікті ту еткен Махамбет батыр елесі — бәрі өмірі әнге айналған тұлғаның жан-сарайын айшықтайды. Қойылымда Жастар театрымен бірге «Sarmad» этно-фольклорлық және «Gazhap band» вокалдық-аспаптық ансамбльдері, Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы, Атырау музыкалық колледжінің студенттері өнер көрсетті. Айта кетейік, қойылымның авторы Мәдина Омарова, ал қоюшы режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Асхат Маемиров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT