«Нұр-Шуақ» бала бақшасының 10 жылдығына орай, «Арман» мәдениет үйінде осындай тақырыппен мерекелік концерт болып өтті.
«Ұят болмасын» бағдарламасының желісінде құрылып, балабақша қызметкерлері ән мен биден шашу шашып, көрерменге ой саларлық көрініс қойды.
Сахна шымылдығын балабақша меңгерушісі Бағытжамал Жұмабаева әріптестерімен бірге «Нұр-Шуақ ол гүл бақшам» әнімен ашып, кейін жеткен жетістіктері мен алдағы жоспарларын ақсақалмен әңгіме барысында баяндады.Концертте балабақша қызметкерлерінен құралған ансамбль «Анталия кештері» шығармасын аспапта ойнаса, әнші Мәдина Ералиева әндерінен жанды дауыста папури орындады. Бұл кеште сан қырынан көрінген балабақша қызметкерлері, көрерменді ерекше ықыласқа бөледі.
Гүлмира МАҚСОТ