Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Сағыздық өрендер жарап тұр

Жақында Ақтөбе қаласында «Нұрлы Жастар» атты республикалық конкурсы өтіп, оған қатысқан сағыздық өрендер жүлдемен оралды.

Атап айтқанда, Кенбай орта мектебінің оқушылары Дамир Зейнолла мен Мейрамбек Қонақбай эстрадалық вокал бойынша бірінші орынды жеңіп алып, дипломант атанса, Айзере Райымберді көркемсөз оқу бойынша бірінші орынмен қоса, конкурстың лауреаты атанды. Сондай-ақ, эстрадалық вокал бойынша Ахметжан Құбайдолла үшінші орын (лауреат), Оразбай Қонақбай екінші орын (дипломант) және Сағыз орта мектебінің оқушысы Рысты Сағызбай бірінші орынды (лауреат) иеленді. Ал, шәкірттерді осы сайысқа дайындаған ұстазы Айжамал Кенжеғалиева «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT