Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сағдат – «Ізденгіш актер» атанды

Жақында Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына орай Ақтөбе облысындағы Х аймақтық театр фестивалі болып өтті.

Оған Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстарынан 11 халық театр ұжымдары бақ сынады. Фестивальға аудандағы «Арман» мәдениет үйінің жанындағы халық театры да қатынасып, Тахауи Ахтановтың «Күтпеген кездесу» атты қойылымын қойды. Бұл орайда, театр актері Сағдат Мұратұлы «Ізденгіш актер» номинациясын иеленіп, 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ, спектакльден соң режиссерлар Жарқын Нәбиқызы мен Бисұлтан Қанатұлын өз рөлдерін шынайы сомдап, өте жоғары деңгейде алып шыққаны үшін ерекше атап өтті.

Ал, спектакльдің мазмұнына тоқталған Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Арман» мәдениет үйі жанындағы халық театрының режиссері Сағидолла Яқып: – Бұл байқауға Тахауи Ахтановтың «Күтпеген кездесу» атты қойылымын ұсынған болатынмын. Спектакль желісі бойынша соғыс кезі, әкесінің махаббатын аңсаған қызы мен жарын күткен әйел образы сомдалады. Бұл қойылымды фестиваль соңында ерекше атап өтті. Ал, Ақтөбе қаласынан оралған соң, «Арман» мәдениет үйінің директоры Жәния Ізбасқан театр ұжымына құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар табыстады.

Сонымен қатар, біздің аудан бойынша Көздіғара, Жангелдин, Миялы, Сағыз ауылдық округтеріндегі мәдениет үйі жанынан ашылған халық театрлары өз жұмысын бастағаны белгілі. Біз Ақтөбе қаласында қойылған қойылымды барлық ауылдық округтерде қоюды жоспарлап, бастап та кеттік. Кей округтерде көрермендер лық толса, халық жиналмай қалған уақыттары да болып жатты, – дейді.

Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT