Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялылық «Айжан-айдың» еншісінде бас жүлде

Таяуда, Атырау қаласында дәстүрлі Халықаралық «Жаңа жұлдыз-ХХІІ» атты ашық фестиваль-байқау өтті.

Оған 7-9 жас аралығындағы би жанры бойынша  Миялы балалар өнер мектебінен «Айжан-ай» тобы қатысып, аудан намысын абыроймен қорғап қайтты. Бұл ретте, аталған топ бишілері қазақ биі «Текеметті» жоғары дәрежеде орындап,  бас жүлдені жеңіп алды. Бұл тұста, «Айжан-ай» тобының жетекшісі Айжан Досқалиеваның еңбегі зор екендігі сөзсіз.

– Би үйірмесінде 40-тан астам оқушы бар.  Барлығының биге қызығушылығы өте жоғары. Сол себептен де шығар, кез келген биге асқан шеберлікпен ден қойып дайындаламыз. Бірнеше оқушым 7 жыл оқып, бітіріп кетті. Облыстан алған бас жүлдеміз оқушыларымның жетістікке жету жолында төккен тердің жемісі, - дейді ол.

Ендеше, жеңіс құтты болсын, бишілер!

 

Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT