Сейсенбі күні Республика күніне орай «Арман» мәдениет үйінде мерекелік концерт өтті.
Мәдениет үйінің әншісі Бисұлтан Мұхтаровтың орындауындағы «Қайнардың термесі» әнімен ашылған концерт шымылдығы одан әрі «Жұлдызай» бишілер тобының қазақ биімен жалғасты. Сонымен қатар жиналған көрермендер әншілер Мейрамгүл Болатқызы, Нәжира Шоқан, Зәуре Жұмағалиеваның «Беу, құрбым», «Беу, дүние», «Қазақстаным», Заманбек Абзалұлының «Қазақ өнері, Амандық Төлегеновтің «Мені ойла», «Жан жарым», Бисұлтан Мұхтаровтың салған «Елім менің» әндерін тыңдап, «Ойыл аруы» бишілер тобының «Қара жорға», бишілер Сәнімгүл Басанбаева мен Райхан Шаутікенованың мың бұрала билеген «Балауса» биін тамашалады. Шара шымылдығы хордың (жетекшісі Ләззат Тастаева) орындауындағы «Қандай сұлу дүние» әнімен жабылды.
Бауыржан ОҚАСҰЛЫ