Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Махамбет оқуларынан жүлделі оралды

Өткен аптаның бейсенбісі күні Махамбет ауданы Талдыкөл ауылында ұйымдастырылған облыстық «Махамбет оқулары» байқауына қатысқан қарабаулық Батыржан Кәдірбай мен көздіғаралық Ғаламат Тел жүлделі орындарды иеленіп, аудан абыройын асқақтатты.

Нақтырақ айтқанда, облыстық байқаудың үй тапсырмасына берілген «Тартылмай сөйлер асылмын» бөлімі бойынша Махамбетке арнауын және байқау барысында берілген тапсырма бойынша ақын туралы он бес шумақ өлеңді ұсынған Қарабау орта мектебінің оқушысы Батыржан Кәдірбай І орынды иеленді. Ал, Махамбеттің өлеңдерін жатқа Жаңашаруа орта мектебінің оқушысы Тел Ғаламат ІІІ орынды иемденді. Айта кетсек, бұған дейін аудандық байқауда да аталмыш бөлімдер бойынша Батыржан Кәдірбай мен Тел Ғаламат бірінші орындарды иеленіп, облыстық байқауға жолдама алған болатын.

Бауыржан САҚТАСИНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT