Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қос ішекті домбыраны сахнада әуелеткен "Еспай" оркестрі

Ұлттық домбыра күніне орай, «Жастар» саябағында «Еспай» халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің концерті өтті. Онда алдымен Миялы ауылдық округ әкімі Сәндібек Салықов жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

      Қос ішекті домбыраны сахнада әуелеткен «Еспай» халықтық ұлт-аспаптар оркестрі халық күйлерін орындап, көрерменнің ұлттық рухын оята білді. Бұдан бөлек ақын, композитор Орал-Қосай Байсеңгірдің шығармашылығына арналған «Жем-Сағыздың ән самалы» дәстүрлі ән байқауының бас жүлде иегері Ғибадат Тұрғали халық әуендерін шырқады. Сонымен қатар, аудан атын асқақтатып, киелі өнерді дәріптеп жүрген «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жәнібек Жәмиев халық күйлерін орындады. 

Гүлмира МАҚСОТ 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521