Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕРЕН ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН СӘТ

Ауданымызда тумысынан талантты болып, өнерімен өрге жүзген өнерпаздар аз емес. Солардың ішінде белгілі сазгер, дауылпаз күйші Бауыржан Ақтаевтың шоқтығы биік.

1987 жылы Миялы ауылында дүниеге келген ол саз мектебінде домбыра сыныбында Биғайша Ағашинадан тәлім алып, жастайынан талантымен таныла түсті. Мектеп бітірген соң Атырау қаласындағы Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледжін, кейіннен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша бітіреді. Бүгінде «Сармад» этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі, Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің әртісі болып қызмет ететін Бауыржан бірнеше күйдің авторы. Одан бөлек ол «Бір кем дүние» фильміне, «Ұлы дала дүбірі», «Мәлім де беймәлім Қазақстан» деректі фильмдеріне, Ш.Айтматовтың «Мәңгүрт»  қойылымына музыка жазған өнер иесі. 

Талантымен танылған жерлесіміз сейсенбі күні бір топ өнерпаздармен бірге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, ұлттық өнерді жандандырып жүрген еңбегіне сай президенттің қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.Бұл Бауыржанның дәстүрлі өнерді дамытудағы тынымсыз тірлігіне көрсетілген зор құрмет. Ендеше, жерлесімізге «Марапатыңыз мерейді өсіріп, шабытың шалқи берсін» демекпіз. 

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT