Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті

Атырау қаласында 22 мамыр күні облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Рухани құндылықтарды насихаттап жүрген сала мамандарын ұлықтайтын бұл мереке биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлы Шапкенов арнайы қатысып, өңірдің мәдениет және өнер саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, марапаттар табыстады. 

Оның ішінде мемлекеттік наградалар мен министрлік марапаттарына ие болған қызметкерлер болды. Сондай-ақ, жақында ғана Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алған композитор Бауыржан Ақтаев та көпшілік алдында арнайы құттықталды.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Мәдениет майталмандарының еңбегі ұлықталған бұл мереке қатысушылардың көңілінен шықты.

Ақтілек БАЗАРБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT