Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«До-Ми-Сольдің» алғашқы концерті

«Арман» мәдениет үйінде «Өзіңе сен» атты «До-Ми-Соль» ән үйірмесінің концерті өтті. Шара шымылдығы Қуанышбек Қабидың орындауындағы «Батырлар ұраны» әнімен ашылып, Аружан Мыңбай халық әні «Желкілдекпен» кешті одан әрі жалғады.

Содан соң үйірмеге қатысушылар бірінен соң бірі сахнаға шығып, әсем әндерімен көрермен қошеметіне бөленді. Концерттік бағдарламаны қорытындылаған «Арман» мәдениет үйінің директоры Жәния Ізбасқан:

– Үйірменің ашылғанына бір ай ғана уақыт өтті. Осы аралықта осындай концерт ұйымдастыру жас маман үшін оңай дүние емес. Осыдан-ақ, Нұржанаттың бойынан жігерлілікті, алға ұмтылушылығын байқаймыз. Ол болашағынан зор үміт күттіретін жастардың бірі. Нұржанатқа шығармашылық табыс тілейміз, – деген тілегін білдіріп, үйірме жетекшісіне алғыс хат табыс етті.

– Жұмысқа орналасқаннан кейін басшылықтан үйірме ашуға ұсыныс түсті. Бастапқыда қиындық болды. Бірақ, жұмысты қолға алған соң аяқсыз қалдыруға болмайды. Қазіргі уақытта үйірмеде он алты оқушы бар. Оларға вокаль, эстрада жанры бойынша сабақ беремін. Олардың өнерге деген қызығушылықтары жоғары. Үйірмеге 5-15 жастағы оқушылар қабылданады, – дейді үйірме жетекшісі, жас маман Нұржанат Нұрболат.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT