Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Дина – байқау жеңімпазы

«Қаракөл» мәдениет үйінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауына 9 ауылдық округтен он үміткер қатынасты. Байқау Оралхан Бөкейдің прозалық, драмалық шығармалардан үзінді оқу және қазақтың белгілі ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқу тапсырмалары бойынша үш кезеңнен тұрды.

Байқау қорытындысында О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат», «Бұл бір сыр еді» атты шығармаларынан үзінді және М.Мақатаевтың «Қиын не бар?» өлеңін мәнерлеп оқыған Көздіғара ауылдық округінен қатысушы Дина Абдулина үздік деп танылып, бас жүлдені жеңіп алды. Ал жамбылдық Гүлім Қайратқызы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға сағыздық Айкөркем Есенкелдіқызы мен тасшағылдық Орынгүл Қоныс ие болса, үшінші орынды Жангелдин ауылдық округінен қатысушы Назира Жәрдемғали мен миялылық Ақбаян Аманжолова бөлісті. Байқауға қатысқан барлық үміткерлер бөлімнің атынан алғыс хатқа ие болды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT