Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ӘДІЛБЕК -  «ЕҢ ҮЗДІК ЕР АДАМ» 

Театр – өнердің ішіндегі ең құдіреттісі. Осы ретте, ауданымызда жұртшылыққа рухани азық сыйлап жүрген «Самал» мәдениет үйі жанындағы «Халықтық» театрының орны ерекше. Бұл ұжым осы уақытқа дейін қалың көрерменге көптеген қойылым ұсынып, көпшіліктің көңілінен шығып келеді.  

Сонымен қатар,  облыстық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы. Жақында «Арман» мәдениет үйінде аталмыш театр ұжымы дайындаған Сәкен Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» комедиясы көрермендер назарына ұсынылды.  «Халықтық» театрының режиссері Еламан Ізмұханов сахнаға дайындаған комедияда Қоныстану балалар өнер мектебінің мұғалімі Әділбек Кәрім өз  рөлін жоғары деңгейде орындап, көрермен қошеметіне бөленді.  

   «Қойылым таңдалған соң кейіпкерлерімнің мінезіне сай келетін адамдарды іздеймін. Көбіне аудандық мәдениет үйінің әншісі мен бишісін, басқа да халықтың топтың мүшесін шақырамын. Өзге салада жұмыс істейтін адамдардың бос уақыты аз болады. Кейде тәжірибе жинауға келіп жатқан балалар сахнаға шығарылады» дейді аталмыш театрдың режиссері Еламан Ізмұханов.

    Сондай-ақ, жақында Мақат ауданында  Мақат мәдениет үйі жанындағы «Халықтық» театр ұжымының шығармашылығына орай «Театр ғажайып әлем» атты халықтық театрлар ұжымы арасында облыстық фестивалі болып өтті.  Осы байқауда бақ сынаған «Самал» мәдениет үйі жанындағы «Халықтық» театры III орынды жеңіп алып, Әділбек Кәрім «Ең үздік ер адам» номинациясымен марапатталды. 
    «Театр – өнердің ұлы көші» демекші халықтық театр ұжымына шығармашылық шабыт тілейміз.

Кәмшат ӘБІШ
Суретті түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT