Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атыраулық театр халықаралық бәйгеде топ жарды

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры «QITFEST» Халықаралық театр фестиваль-лабораториясына қатысып, үшінші орын иеленді. 

1-6 қазан күндері Қостанай қаласында, І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында «QITFEST» Халықаралық театр фестиваль-лабораториясына Р.Отарбаевтың «Жалғыздық» шерімен қатысып, терең мазмұн, кәсіби шеберлік және әсерлі актерлық ойын көрсеткені үшін жүлделі 3-орын иеленді. Үшінші орынға қола медаль, лауреаттық диплом және 800 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Фестивальге Ресей, Армения, Қырғызстан, Иран, Түркия, Грузия елдерінен және отандық ұжымдар барлығы 11 кәсіби мемлекеттік театр қатысты.  

Қойылым режиссері – Мұқанғали Томанов. Театр ұжымын көркемдік жетекші, «Құрмет» орденінің иегері Темірбек Мұхтаров бастап барды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT