Атырау облысында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, жазушы, және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторларының бірі – Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдық мерейтойына арналған ауқымды мәдени іс-шаралар өтеді. Мерейтой аясында ақын шығармашылығына арналған әдеби кештер, поэзия оқу байқаулары, көрмелер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылмақ.
Сондай-ақ, өңір мектептері мен жоғары оқу орындарында Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығын дәріптеуге бағытталған танымдық кездесулер өтеді. Мерекелік шараларда “Менің Қазақстаным” атты гала-концерт өтеді. Ауқымды концертке 3000-ға жуық өнерпаз қатысып, еліміздің танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді деп жоспарлануда. Мерейтойлық іс-шаралардың басты мақсаты – ақынның бай әдеби мұрасын ұлықтап, жас ұрпақ бойында отансүйгіштік пен рухани құндылықтарды қалыптастыру.
Ақтілек Базарбаева