Биыл бесінші мәрте өткізіліп отырған «Бала дауысы» ұлттық байқауына жерлесіміз Алтынай Төлеген Emeli Sande «Hurts» әнін орындап, финалға жолдама алды.
Алтынай 2009 жылы 23 ақпанда Атырау қаласында дүниеге келген. Төрт жасынан бастап Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда вокал сабағына қатысып келеді. Қазір Д. Нұрпейісова атындағы музыка мектебінің вокал бойынша 3-ші сыныбын бітірді. Бүгін де өнерлі жас көптеген республикалық және халықаралық байқауларға қатысып үлгерді. Алтынайдың ұстазы Мүнира Ижанова шәкіртінен зор үміт күтеді.
-Алтынай – болашағынан үлкен үміт күтетін дарынды оқушым. Оның жеңімпаздар қатарынан көрінетініне сенемін, – деді М.Ижанова.